Жеке сот орындаушылармен жиналыс

Жеке сот орындаушылармен жиналыс

Ақтөбе облысының әділет департаменті жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасымен бірігіп, жеке сот орындаушылармен онлайн жиналыс өткізді.

Жиналыста жеке сот орындаушыларымен 2021 жылдың 1 тоқсанындағы атқарушылық құжаттарды орындау, борышкерлерге қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға уақытша шектеу қою туралы қаулы шығару, автокөлік құралдарын іздеу, тоқтату, әкелу және айыппұл тұрағына қою бойынша Полиция департаментімен бірлескен жоспарды орындау мәселелері қаралды.

Жиналыстың соңында жеке сот орындаушыларға Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарын орындау, соттың жеке ұйғарымы мен негізді шағымдарды болдырмау бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.