Табысты бизнес = тауар таңбасы

Табысты бизнес = тауар таңбасы

   Зияткерлік меншікті қорғау және сақтау мәселелері бойынша хабардарлықты арттыру үшін кәсіпкерлер палатасымен жасалған меморандум шеңберінде, әділет департаменті Шалқар ауданының кәсіпкерлеріне арналған «Тауар таңбасын тіркеу» атты онлайн семинар өткізді. Шара, Шалқар ауданының ауданаралық әділет басқармасы, кәсіпкерлік бөлімі, кәсіпкерлер палатасының филиалының өкілдерінің қатысуымен өтті.

   Іс-шара ««СЗЦ Талап» ЖШС директоры Ш.Мусин мен жеке кәсіпкер З.Күлішбаеваның онлайн-өндірістік экскурсидан басталды: кәсіпорын тарихы, «Шалқар дәмі» деп аталатын жартылай фабрикаттар өндірісінің жаңа технологиялық процесін көрсету. Экскурсия кезінде Ш.Мусин «Шалқар дәмі» атауын тауар таңба ретінде тіркеуге ниетін білдірді.

   Экскурсия аяқталаған соң, әділет департаментінің бөлімінің басшысы Т.Убишев тауар таңбасын тіркеу тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар, зияткерлік меншік объектілерге құқықтарды тіркеуге онлайн тіркелетін ҚР Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты веб-сайтының жұмысымен таныстырды.

Ақтөбе облысы әділет департаменті

зияткерлік меншік құқықтары бөлімі