Үйден шықпай құжаттарды апостильдеуге болады!

Үйден шықпай құжаттарды апостильдеуге болады!

Әділет және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрліктердің пилоттық жобасына сәйкес «Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Аталған ақпараттық жүйесі құжаттарды тіркеуге және «Апостиль мөртаңбасын» электрондық түрде беруге арналған, апостиль қойылған құжаттардың орталықтандырылған есебі мен бірыңғай мұрағатын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

Пилоттық жоба шеңберінде «ҚР-ның әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік  қызметті электрондық нысанда алу іске асырылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдана отырып, портал арқылы өтінішті және қажетті құжаттардың тізбесін жолдайды.

Апостиль қою үшін ұсынылған құжат сканерленген құжаттың түпнұсқасын сканерлеу арқылы жүзеге асырылады (ксерокөшірмелерден сканерлеуге жол берілмейді).

Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен ұсынылған құжаттары Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші апостильдеуге жататын электрондық құжатта Е-Апостиль АЖ арқылы электрондық апостиль қалыптастырады және уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы қызмет  алушының «жеке кабинетіне» порталға жібереді.