Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2020 жылдың қорытындысы шығарылды

Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2020 жылдың қорытындысы шығарылды

2021 жылғы 22 қаңтарда Ақтөбе облысы әділет департаменті басшысының төрағалығымен онлайн форматта департаменттің 2020 жылға арналған қызметінің қорытындысы және 2021 жылдың 1-ші жартыжылдыққа басым міндеттерді айқындау бойынша алқа отырысы өтті. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша департамент басшысының орынбасарлары баяндама жасады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, атқарушылық іс жүргізу саласын жетілдіру, зияткерлік меншік саласын дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру және цифрландыру мәселелері қаралды.

Соңында департамент басшысы бірқатар міндеттер қойды, оның ішінде: азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, жоспарланған іс-шараларды уақтылы орындау және ҚР Президентінің, ҚР Әділет министрлігінің тапсырмаларын және Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарын іске асыру.