"Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" филиалының қызметкерлерімен семинар

"Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" филиалының қызметкерлерімен семинар

2021 жылдың 08 қантарында Әділет департаментінің өкілі  Ақтөбе облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" филиалының қызметкерлерімен семинар өткізді.

Семинар өткізудің мақсаты жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуларына  жүргізілген талдауды талқылау болып табылады.

Қызметкерлердің назарына азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің, қолданыстағы заңнама талаптарының мүлтіксіз сақталуы туралы жеткізілді.

 

Ақтөбе облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі