2020 жылдың 29 желтоқсанындаоблыстық, қалалық, аудандық әкімдіктері мен мәслихаттарының заң қызметтері өкілдерінің қатысуымен нормашығармашылық саласындағы өзекті мәселелер бойынша Әділет департаменті жанындағы Мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
Үйлестіру кеңесінде Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласы бойынша ағымдағы жылда атқарылған жұмыс қорытындылары талқыланды.
Үйлестіру Кеңесінің қорытындысы бойынша жұмысты жетілдіру туралы бірқатар ұсыныстар берілді.
Ақтөбе облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі