25.12.2020 ж. Ақтөбе облысы нотариалдық Палатасының нотариусы Р.М.Науановтың қатысуымен Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ғимаратында «ADAL КӨМЕК» және «Адалдық алаңы» жобаларының тікелей эфирі өткізілді.
Эфир уақыты «Нотариат туралы» Заңды, нотариалдық іс- әрекеттер жасау Ережелерді жүзеге асыру, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету мәселелерін талқылауға арналды.
Сонымен қатар, нотариустардың іс жүргізу, қызмет ету аймағы, лицензиялау, аттестаттау, құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі бойынша сұрақтарына түсінік берілді.
Ақтөбе облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі