«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» филиалының қызметкерлерімен семинар өткізілді

«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» филиалының қызметкерлерімен семинар өткізілді

       2020 жылдың  20 қарашасында Әділет департаментінің өкілі  Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» филиалының қызметкерлерімен семинар өткізді.

       Семинарды өткізудің мақсаты - жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамасының құқық белгілейтін құжаттармен сәйкессіздігіне байланысты мәмілелерді (шарттарды) тіркеу не тіркеуден бас тарту мәселесін талқылау болып табылады.

      Қатысушыларға мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру кезіндегі қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді.