Студенттермен кездесу өткізілді

Студенттермен кездесу өткізілді

     Мемлекеттік қызметті насихаттау және оң имиджін көтеру мақсатында Ақтөбе облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің бас маманы ҚазГЗУ және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жоғары колледжінің  студенттерімен «Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі» тақырыбында онлайн форматта дәріс сабағын өткізді.

      Дәріс барысында мемлекеттік қызметіне кіру, оны өткеру, тоқтату, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуы мәселелері талқыланды.