сот орындаушылары "Ақтөбе Таза Қала" ЖШС жалақы бойынша қарыздарын өндіріп алды

сот орындаушылары "Ақтөбе Таза Қала" ЖШС жалақы бойынша қарыздарын өндіріп алды

        Ақтөбе облысы Әділет департаментінің сот орындаушылары жеке тұлғалардың пайдасына "Ақтөбе Таза Қала" ЖШС жалақы бойынша қарыздарын өндіріп алды.

      Берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу "Ақтөбе Таза Қала" ЖШС борышкерінің жылжымалы мүлкін сату арқылы жүргізілді.

       Жыл басынан бері мемлекеттік сот орындаушылары 16 млн. теңгеден астам жалақы өндіріп алды, бұл сот орындаушыларының жұмысына оң әсерін тигізеді.

 

Ақтөбе облысы Әділет Депаратментінің

баспасөз қызметі