Салық Зиманұлы Зимановтың 100 жылдық мерей тойына арналған ғылыми онлайн семинары өтті

Салық Зиманұлы Зимановтың 100 жылдық мерей тойына арналған ғылыми онлайн семинары өтті

            Ш.Есенов атындағы каспий технологиялар және инжиниринг университетінің (Ақтау қ.) базасында Салық Зиманұлы Зимановтың 100 жылдық мерей тойына арналған «С.З.Зиманов – ұлттық құқықтық жүйенің ғылыми мектебінің негізін қалаушы» атты ғылыми семинары өтті. Семинар жұмысына Ақтөбе облысы әділет департаментінің басшысы Б.Колумбаев қатысты.

         Ведомство басшысы өз сөзінде С.Зимановтың Қазақстандағы тұңғыш заң ғылымдарының докторы, профессор және осы мамандық бойынша ҚР ғылым академиясының алғашқы академигі, Қазақстандағы заң ғылымының ұйымдастырушысы болғандығын атап өтті. Оның ғылыми қызығушылықтары саяси-құқықтық жүйенің теориясы мен тарихын, конституциялық, мемлекеттік құқық пен саясаттануды қамтыды. «Академик С.Зиманов елдегі құқықтық білімнің дамуына орасан зор үлес қосты және мен оның шәкірттерінің бірі болғаныма мақтанамын», - деді Б. Колумбаев.