Ағымдағы жылдың 5 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Департамент қызметкерлері тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында азаматтарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық жадынамалар таратылып, түсіндірмелер берілді.
Ақтөбе облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі