
Іс-шараны өткізудің мақсаты жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, ресми құжаттарға апостиль қою салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндіру, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жетілдіру болып табылады.
Кездесу барысында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен өзектілігін қамтамасыз ету, оларды электрондық сервистер арқылы алу тәртібі, сондай-ақ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қызметкерлердің назарына қолданыстағы заңнама талаптары жеткізіліп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін мүлтіксіз сақтау, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заңдылықты қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға практикалық қызмет барысында туындайтын мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.
Ақтөбе облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі