Ақтөбе облысы Әділет департаментінде жеке сот орындаушыларымен жұмыс кездесуі өтті.

Ақтөбе облысы Әділет департаментінде жеке сот орындаушыларымен жұмыс кездесуі өтті.

    Жиын барысында «Жеке сот орындаушыларының істердің әлеуметтік маңызды санаттары бойынша проблемалық атқарушылық құжаттарды орындау жөнінде кепілдендірілген заң көмегін көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты игеру мәселелері қаралды.

          Кездесуге Ақтөбе облысы Әділет департаментінің басшылығы, Өңірлік жеке сот орындаушылары палатасының өкілдері және жеке сот орындаушылары қатысты.

          Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі №403 бұйрығымен енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

 

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі