
Ағымдағы жылдың 14 мамырында 2026-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасы шеңберінде Әдеп жөніндегі уәкіл, Әділет департаменті басшысының орынбасары Б.Ж.Раскалиев Ақтөбе облысы денсаулық сақтау Басқармасының өкілі Л.Ж.Жантуринамен бірлесе отырып темекі шегудің алдын алу мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.
Семинар барысынды темекі өнімдерінің, электронды темекінің адам денсаулығына кері әсері, сондай – ақ зиянды әдеттердің алдын алу шаралары және салауатты өмір салты қағидаларын насихаттау мәселелері қарастырылды.
Семинарға қатысушыларға ақпараттық – түсіндіру буклеттері мен кеңестер ұсынылды.
Ақтөбе облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі.