
Іс-шара барысында оңайлатылған өндіріс тетігін іске асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер, оның ішінде шағымдану сатысында тұрған немесе заңды күшін жойған атқарушылық құжаттардың мәжбүрлеп орындатуға жолдану жағдайлары талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша оңайлатылған атқарушылық іс жүргізу шеңберіндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға, қателіктерді азайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен іс-қимыл алгоритмін әзірлеу туралы шешім қабылданды.
Әділет департаменті мен Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және атқарушылық құжаттардың орындалу сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыратын болады.
Ақтөбе облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі