Әділет министрі Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді.

Әділет министрі Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді.

   26.02.2026 жылы Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында ҚР Әділет министрі Ерлан Сарсембаев Әділет департаментін келіп, қызметкерлермен, сондай-ақ өңірдің заң қоғамдастығының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
   Министр ең алдымен референдумда қаралатын жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталып, оның құқықтық мемлекетті дамытудағы және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы стратегиялық рөлін атап өтті.
Кездесу барысында әділет органдарының жұмыс тиімділігін арттыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын іске асыру, сондай-ақ халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.
   Сондай-ақ цифрландыру және заманауи ақпараттық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылып, олардың азаматтарға құқықтық рәсімдердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді.
Министр «Заң мен тәртіп» қағидаттарын сақтау, қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігі мен жергілікті жерлерде үйлесімді жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
   Кездесу қорытындысы бойынша Ақтөбе облысындағы аумақтық әділет органының жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

Ақтөбе облысы
әділет департаменті
баспасөз қызметі