
Zoom-конференциясы барысында қазіргі заманғы жағдайларды, қоғамның өзекті сұраныстарын және мемлекеттің стратегиялық міндеттерін ескере отырып әзірленген негізгі өзгерістер жан-жақты қарастырылды.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылып отырған Конституцияның жаңа редакциясы қоғам мен мемлекетті дамытудың стратегиялық міндеттеріне толықтай сай келетініне, сондай-ақ қоғамдық-саяси институттарды түсінудің заманауи тұжырымдамалық тәсілдерін және олардың одан әрі даму перспективаларын қамтитынына қатысты ортақ пікірге келді.
Ақтөбе облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі