«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ақтөбе облысының Әділет департаменті «Несие бойынша берешекті реттеу: заңды жолдар мен мүмкіндіктер» тақырыбында өткен Ашық есік күні іс-шарасына қатысты.

      Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ азаматтарды несие берешегін заңды тетіктер арқылы реттеу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру.

          Кездесу барысында өңір тұрғындарына жеке тұлғалардың банкроттық рәсімі, кредиттік жүктемені азайту және мерзімі өткен берешектің құқықтық салдарына қатысты өзекті мәселелер бойынша тегін заң көмегі көрсетілді. Мамандар тиісті рәсімдерге жүгіну тәртібін, қарыз алушылардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ қолданыстағы заңнама шеңберінде күрделі қаржылық жағдайдан шығудың ықтимал жолдарын түсіндірді.

          Осындай іс-шараларды өткізу азаматтардың өз құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық тетіктеріне деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі