Ақтөбе облысы әділет департаменті, ҚР Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары комитеті ұйымдастырған, ұжымдық құқықтарды басқару саласында Бірыңғай цифрлық платформаны іске қосу және оны тәжірибеде енгізуге арналған онлайн оқыту іс-шарасына қатысты.

    Аталған іс-шараға әділет департаментінің бастамасымен өңірлік теле- және радиоканалдардың өкілдері, шығармашылық тұлғалар, яғни бірыңғай цифрлық платформаны пайдаланушы, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Кездесу барысында қатысушыларға платформаға қосылу тәртібі, жүйенің функционалдық мүмкіндіктері және оны қолданудың негізгі практикалық мәселелері түсіндірілді.

Ақтөбе облысы әділет департаментінің баспасөз кызметі