
Баишев университетіндегі Заң клиникасы – азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетуге және болашақ заңгерлердің тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды құрал болып табылады. 2025 жылғы 1 қазанда «Заң мен тәртіп» идеологиясы шеңберінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған бірлескен ынтымақтастық аясында Әділет департаменті мен Баишев университеті арасында заң клиникасы қызметінің ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылды. Бұл ынтымақтастық клиниканың қызмет аясын кеңейтіп, көрсетілетін құқықтық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Заң клиникасының орналасқан жері – Ақтөбе қаласы, А.Иманов көшесі 14Б, 208 кабинет.
Ақтөбе облысы
әділет департаментінің
баспасөз қызметі