ПРЕСС – РЕЛИЗ

ПРЕСС – РЕЛИЗ

2020 жылғы 23 қазанда Әділет департаментімен "Zoom" платформасы арқылы бейнеконференция форматында жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшылығының және жеке сот орындаушыларының қатысуымен Әділет министрлігінің 2020 жылға арналған стратегиялық жоспарында бекітілген жеке сот орындаушыларының нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы онлайн-кеңес өткізіліп, онда сондай-ақ мемлекет кірісіне, істердің әлеуметтік маңызы бар санаттағы өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша өзекті мәселелер қаралды.

Аталған іс-шараның мақсаты атқарушылық құжаттарды орындау кезінде проблемалық мәселелерді талқылау және шешу болды.

Кеңес қорытындысы бойынша сот актілерін орындау тиімділігін арттыру мақсатында Департамент басшысы Б.Ж.Колумбаев бірқатар тапсырмалар берді.

 

Ақтөбе облысы

Әділет Депаратментінің

баспасөз қызметі