Қазақстан Республикасының Адвокатура күніне орай Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасында Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен іс-шара өтті.

Қазақстан Республикасының Адвокатура күніне орай Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасында Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен іс-шара өтті.

  Әділет департаменті өкілдері адвокаттарды кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі, азаматтардың бостандығы мен заңды мүдделерін қорғаудағы маңызды рөлін атап өтіп, олардың қажырлы еңбегіне алғыс білдірді.
Жиын барысында адвокатураның дамуына елеулі үлес қосқан және өз қызметінде жоғары кәсіби біліктілік танытқан бірқатар адвокаттар алғыс хаттар, грамоталар сондай-ақ медальдармен марапатталды.  

Ақтөбе облысы
әділет департаментінің
баспасөз қызметі