Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында 16 іс-шара өткізілген (оның ішінде 8 семинар, 2 дәріс, интернет желілерінде 6 мақала орналастырылған).
Әдептілік нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша құқықтүсіндіру жұмыстары туралы
|
Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында ҚР заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары |
3 тоқсан 2024 |
3 тоқсан 2025 |
|
Семинарлар |
7 |
8 |
|
Дәрістер |
2 |
2 |
|
Дөңгелек үстелдер |
- |
- |
|
БАҚ-та жарияланған мақалалар |
- |
- |
|
Интернет желілерінде |
7 |
6 |
|
Барлығы |
16 |
16 |
31.07.2025ж. Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және
Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді.
27.08.2025ж. «Ашық есік күні» Әділет департаментінің ғимаратында өткізуді ұйымдастырылды.
28.08.2025ж.департамент қызметкерлері ҚР Конституция күнің 30 жылдығына Әділет министрлігінің ведомстволық наградаларын, алғыс хаттары мен грамоталарын табыс етті
29.09.2025ж.Әділет министрінің атынан, қызметтік міндеттерін адал және кәсіби деңгейде өзіне жүктелген міндеттерін жоғары дәреже атқарғаны үшін Ақтөбе облысының бірқатар нотариустарын «Еңбек ардагері» төс белгісі, мадақтама және алғыс хаттарымен марапатталды.
Есептік кезеңде басшының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілмен 7 азамат қабылданды, оның ішінде: ер адам.-5, әйел адам.-2.
Департамент тоқсан сайын ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасымен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар және жағымсыз себептермен жұмыстан босатылған қызметшілерге қатысты салыстыру жүргізеді. Аталған кезеңде қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар және жағымсыз себептермен жұмыстан босатылған қызметшілер болған жоқ.
Ұжымда моралдық-психологиялық ахуалдың жағдайына және әдеп нормаларын сақтау мәселесіне мониторинг жүргізу мақсатында, тұрақты негізде мемлекеттік қызметшілер арасында жасырын сауалнамалар жүргізіледі (а.ж. 1 сауалнама өткізіліп, ұсыныс болған жоқ).
Сонымен бірге, мониторинг нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерге қатысты әлеуметтік желілерде жағымсыз жарияланымдар және әдеп кодексі нормаларын бұзу фактілері орын алған жоқ.
Қызметкерлердің еңбек және орындаушылық тәртібі, әдеп нормаларын сақтау мәселелері үнемі бақылауда.
Ақтөбе облысының Әділет департаменті