Іс-шараға мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы мен судьялары, Әділет департаментінің басшысы, оның орынбасары, Ақтөбе адвокаттар алқасы Төралқасының төрағасы мен мүшелері, Заң консультанттар палатасының басшысы, сондай-ақ Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы мен оның орынбасары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты осы санаттағы істердің қайтарылуын азайту үшін істердің ведмоствалық бағыныстылығын анықтау кезінде туындайтын өзекті сұрақтарды шешу болып табылады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар талқыланатын мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіріп, бірқатар нақтылайтын сұрақтар қойды.
Ақтөбе облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі