Тікелей эфир өтті

Тікелей  эфир  өтті

15.10.2020 ж. Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы                        А.К.Көшкінбаеваның қатысуымен Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ғимаратында «ADAL КӨМЕК» және «Адалдық алаңы» жобаларының тікелей эфирі өткізілді.                                                        Эфир уақыты заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, оған қоса халыққа консультациялық кеңестер беруге арналды.                Тікелей трансляцияда басқа да сұрақтар талқыланды.

 

Ақтөбе облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі