2025 жылы 31 қазанда Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпы республикалық акциясы бір мезгілде өтеді!
Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, Сіздерге заң тұрғысынан көмектесетін болады.
Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығын күтеміз!
Ақтөбе қаласы бойынша акцияны өткізу мекен-жайы: М.Мәметова көшесі 4, СОО «Keruen City»
Басталуы 2025 жылы 31 қазан күні сағат 16:00-де.
Кіру тегін!
Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.