2025 жылдың 17 қазанында Әділет департаментінің қызметкерлерімен ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының қалалық және аудандық бөлімдерінің қызметкерлеріне арнайы оқыту семинары өткізілді.

   Семинар барысында пәтер меншік иелерінің кооперативін (тұрғын емес үй жайлар) қайта тіркеу және азаматтық хал актілерін тіркеу, сондай-ақ ресми құжаттарға апостиль қою аясында қолданыстағы заңнамалардағы негізгі талаптар және құжаттардың толық емес пакетін қабылдау немесе артық құжаттарды талап ету фактілерін болдырмау бойынша түсіндірме берілді. Сонымен қатар, электронды қызметтерді алудың қол жетімділігі мен өзектілігі туралы тұрғындар арасында ақпараттық жұмыс жүргізу сұрақтары талқыланды.

 Ақтөбе облысы

әділет департаментінің

баспасөз қызметі