Жиналыс барасында, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, атқарушылық құжаттардың, қаулылардың және сот орындаушысының өзге де заңды талаптарының орындалмауына байланысты борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту, сондай ақ борышкерлерді күштеп әкелуді орындаудың проблемалық мәселелері қарастырылды.
Аталған іс-шара барысында атқарушылық құжаттарды орындамағаны үшін борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды қарау кезінде туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі