Ақтөбе облысы Әділет департаменті (бұдан әрі – Департамент) азаматтарды өздерін сот орындаушылары ретінде таныстырып, жалған атқарушылық құжаттарды пайдалану арқылы ақша өндіруге тырысып жүрген алаяқтардың әрекеттері жиелегіні туралы ескертеді.
Алаяқтар өздерін сот орындаушысы ретінде көрсете отырып, азаматтарды есепшоттары бұғаттаумен, мүлікке тыйым салумен және басқа да шаралармен қорқытып, «берешекті» шұғыл түрде өтеуді талап етеді. Мұндай айла-тәсілдерге алданбаңыздар!
Атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын https://aisoip.adilet.gov.kz сайтында:
-«Борышкерлер мен тыйым салулар тізілімі» немесе «Атқарушылық құжатты іздеу» бөлімінде;
-жеке ЭЦҚ-ны пайдалана отырып «Тараптар кабинеті» арқылы авторизация жасау арқылы;
-«Азаматтарға арналған» бөліміндегі байланыс деректері арқылы сот орындаушысына тікелей қоңырау шалу арқылы;
Сондай-ақ, «Adilet» мобильді қосымшасы арқылы да қол жеткізе аласыз.
Қосымша ақпаратты Әділет министрлігінің ресми сайттарынан біле аласыз.
Заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін Департамент тек ресми дереккөздерге сенуді және жеке деректерді үшінші тұлғаларға немесе күмәнді интернет-ресурстарға бермеуді қатаң ескертеді.
Сондай-ақ, құқықтық кеңесті 119 нөмірі бойынша Call-орталықтан
(Құқықтық ақпарат қызметі, Қазақстан бойынша стационарлық телефондардан) немесе 119 Kenesbot телеграм-арнасы арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіндегі «Виртуалды кеңесші» айдары арқылы (http://adilet.zan.kz/rus) алуға болады.
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі.