
Алимент – бұл алуға құқығы бар тұлғаға басқа адамның беруге міндетті..болған..қаржылық..қолдауы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес, отбасы мен бала мемлекеттің ерекше қорғауында. Бұл, заңнамның кәмелетке толмаған балаларды, қажет болған жағдайда өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын еңбекке жарамсыз жұбайлар мен басқа да жақын туыстарды мүмкіндігінше, толыққанды..қамтамасыз..етуге..ұмтылғанын..білдіреді.
Егер ата-ананың қарым-қатынасы дұрыс болмаса, олардың балаларының құқықтары оған қарамастан қорғалуы керек. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың қайсысы балалары үшін жауапкершілікті өз мойнына алғанына қарамастан, екінші ата-ана балаларын тәрбиелеуге және асырауға қатысуға міндетті. Кейде жағдай, бұрынғы жұбайының алимент төлеуден бас тартуымен немесе қажетсіз шығындарды болдырмау үшін өзінің нақты кірісін жасыруымен жиі..қиындайды.
Алимент төлемдерін кімдер ала алады және алимент төлемеушілерге қандай..жаза..қарастырылған?
Алимент бойынша міндеттемелер, ата-аналар мен кәмелетке толмаған немесе мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы, кәмелетке толған балалар мен мұқтаж ата-аналар арасындағы қатынастарда туындайды. Сондай-ақ, алимент бұрынғы, ал кейбір жағдайларда қазіргі жұбайына/зайыбына төленеді, мысалы әйелге жүктілік кезінде және ортақ бала туылғаннан кейін үш жыл бойы немесе еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайына. Кейбір жағдайларда, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» РК Кодексіне сәйкес, алимент аға-әпкелеріне, немерелеріне, ата-әжелерге және басқа да туыстарға міндетті. Алимент төлеуден жалтарған тұлғаларға осы алимент бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін, әсер ету шаралары қарастырылған. Мысалы: банктік шоттарға және бар болған жағдайда мүлікке тыйым салынуы, атқарушылық құжаттың толығымен орындалғанға дейін уақытша шетелге шығуға тыйым салынуы. Сондай-ақ, лицензияларды, рұқсаттарды және көлікті басқаруға арнайы құқықтарды беру және олардың қолданылуы саласындағы уақытша шектеулерді қою шаралары бар.
Егер адам үш айдан астам алимент төлеуден жалтарса, оны әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін. Яғни, алимент төлемеушіге айыппұл салынуы, мәжбүрлі еңбекке тартылуы, бес тәулікке дейін қамауға алынуы, ал қасақана жалтарған жағдайда - екі жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда, сот шешімімен ата-ана құқығынан айырылуы да мүмкін.
Балаларға алимент төлеуші алимент төлемегені үшін өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, сондай-ақ төлемдер тағайындалған баланың құқықтары мен заңды мүдделерін білуі тиіс. Өз міндеттемелерін орындамау салдарынан туындауы мүмкін келеңсіз салдарды болдырмау үшін, алименттерді уақытылы және толық көлемде төлеу маңызды.
Ақтөбе облысы Әділет
департаментінің баспасөз қызметі