2025 жылдың 10 қырқүйек айының Әділет департаментінің өкілімен Ақтөбе облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" филиалының қызметкерлерімен семинар өткізілді.
Семинарды өткізудің мақсаты – жылжымайтын мүлік кепілін мемлекеттік
тіркеу тәртібін түсіндіру болып табылды.
Қатысушыларға мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру кезіндегі қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді.
Семинар барысында түскен сұрақтар бойынша қолданыстағы заң нормалары бойынша түсіндірмелер берілді.
Ақтөбе облысы Әділет департаментінің
баспасөз қызметі