15.08.2025 жылы ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай Әділет департаменті Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасымен бірлесіп, облыстың заң қоғамдастығы мен мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен «Тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні» Республикалық акциясын өткізді.

  Акция аясында адвокаттар, жеке сот орындаушылары және мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша тегін заң көмегін көрсетті.

  Іс-шара ашық форматта өтіп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Ақтөбе облысы
әділет департаментінің
баспасөз қызметі