Сот шешіміне сәйкес, заңсыз пайдаланылған тауар белгілермен таңбаланған контрафактілік тауарлар жойылды. Орындау процесін аға сот орындаушысы Ш. Ермагамбетова қамтамасыз етті.
Мұндай шаралар – тауар белгілердің иелерінің құқықтарын, тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың және заңды сақтайтын адал кәсіпкерлерді қолдаудың маңызды құралы. Ақтөбе облысы әділет департаментінің баспасөз кызметі