24.06.2025 жылы Әділет департаментімен Ақтөбе облысы жеке сот орындаушылар өңірлік Палатасының басшылығының қатысуымен жиналыс өткізілді.

24.06.2025 жылы Әділет департаментімен  Ақтөбе облысы жеке сот орындаушылар өңірлік Палатасының басшылығының қатысуымен  жиналыс өткізілді.

   Жиналыс Өңірлік палата мен Әділет департаментінің  мемлекет пайдасына өндіріп алу, алименттер, жалақы бойынша атқарушылық құжаттарды орындау, сондай-ақ Әділет министрлігінің Даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу және өзге де өзара іс-қимыл мәселелеріне арналды.

          Жиналыстың соңында  атқарушылық құжаттарының орындау тиімділігін арттыру бойынша және жеке сот орындаушылардың әрекеттері мен әрекетсіздіктеріне жеке және заңды тұлғалардың келіп түсетін арыз-шағымдар санын азайту мақсатында нақты тапсырмалар берілді.

           

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі