"Заң және тәртіп" идеологиясының құқықтық мәдениет апталығы аясында Әділет департаментінің, «AMANAT» партиясының және заң қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен Байғанин ауданы орналасқан «AMANAT» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарға «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді.
Қабылдау барысында, азаматтармен мұрагерлік істер, жұмыстан заңсыз шығару, алаяқтық сұрақтарды қойылып, олар бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде түсіндірмелер берілді.
Ақтөбе облысы
әділет департаментінің
баспасөз қызметі