2025 жылғы 6 мамырда Әділет департаментінің қызметкері Көкшетау қаласының №8 мектебінде өткен Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған салтанатты концертке қатысты.
Іс-шараны педагогикалық ұжым мен мектеп оқушылары соғыс батырларын еске алу, сондай-ақ Отан қорғаушыларды мерекемен құттықтау мақсатында ұйымдастырды.
Концерт барысында соғыс жылдарындағы әндер, соғыс және бейбітшілік туралы өлеңдер айтылып, оқушылар көркем өнерпаздардың түрлі нөмірлерінде өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Ақмола облысы
Әділет департаменті
Баспасөз қызметі