2025 жылғы 05 мамырда Ақмола облысының Әділет департаменті Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау Университетінің студенттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған дәріс өткізді.
Дәріс Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің тарихи маңыздылығына, Қазақстанның Жалпы Жеңіске қосқан үлесіне және тарихи жадыны сақтауға және сол жылдардағы байланысты құқықтық аспектілерге арналды.
Өз сөздерінде олар болашақ ұрпақ үшін соғыстың шынайы тарихын сақтаудың маңыздылығын атап өтті, майдандағы және тылдағы Қазақстандықтардың қаһармандылығы туралы айтып берді.
Студенттер дәріс тақырыбына үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, талқылауға белсенді қатысты. Іс-шара соңында Әділет департаментінің өкілдері алынған білім жас ұрпаққа Ұлы Жеңістің тарихи маңызын тереңірек түсінуге және ата-бабалардың ерлігіне құрметпен қарауға көмектеседі деген үміт білдірді.
Ақмола облысы
Әділет департаменті
Баспасөз қызметі