Ақмола облысының Әділет департаменті адвокаттар алқасының төралқасымен бірлесе отырып Ақмола облысының адвокаттарымен және заң консультанттарымен белгіленген талаптарға сәйкес адвокаттық сұрауларды және заң консультанттарының сұрауларын қалыптастыру және жолдау бойынша семинар-кеңес өткізді.
Семинар барысында 2025 жылдың өткен кезеңі бойынша жұмыстың қорытындылары талқыланып, оның мысалында адвокаттарға және заң консультанттарға сұрауларды жолдау кезінде қолданыстағы заңнаманың негізгі талаптары түсіндірілді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға төрағамен тиісті түсініктемелер берілді.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі