24.04.2025 жылы Көкшетау қаласындағы көркемсурет мектебінің ғимаратында зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы K.Ш. Сандыбай «Біз контрафактілік іске қарсымыз, сыбайлас жемқорлық – ауру, оған қарсы күрес – біздің парызымыз» деген тақырыпта дәріс өткізді.
Сондай-ақ, аталған дәріс барысында оқушыларға, зияткерлік меншік негіздері, авторлық құқық, тауар таңбаларын заңсыз пайдалану туралы Ақмола облысы бойынша болған бірнеше мысалдармен түсіндіріп берді.
Мұндай кездесулер оқушыларға зияткерлік меншік құқықтарын насихаттауға және қорғауға, контрафактілік әрекетке жағымсыз көзқарасты қалыптастыруға, балалар мен жастардың идеялардың маңыздылығы туралы хабардар болу деңгейін арттыруға, теориялық білімді тереңдетуге және оны практикамен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Зияткерлік меншік
Құқықтары жөніндегі
бөлімнің басшысы Сандыбай Қ.Ш.