2025 жылғы 24 сәуірде Ақмола облысы Әділет Департаментінің бөлім басшысы Әділбай Ержанов Ақкөл ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шара Урюпинка ауылының мәдениет үйі ғимаратында әкімдік өкілінің, адвокат пен нотариустың және сот орындаушылардың қатысуымен өтті.
Кездесу барысында әділет органдары қызметінің өзекті мәселелері, тегін заң көмегін көрсету және сот актілерінің орындалу талқыланды. Азаматтар білікті мамандардан өз мәселелері бойынша түсініктеме алды.
Ресми бөлімнен кейін азаматтарды жеке қабылдау өтіп, әрбір өтініш берушіге құқықтық кеңес көрсетілді.
Ақмола облысының Әділет департаменті азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың заң қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындарына құқықтық көмек алу үшін жағдай жасауға ерекше назар аударылады, бұл олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға ықпал етеді.