Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында Көкшетау қаласы әкімдігі, Прокуратура, Полиция басқармасы, адвокаттар, жеке сот орындаушылар мен нотариустардың қатысуымен, сонымен қатар «Нұрлы Аналар» қоғамдық қоры мен Ақмола облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілінің қатысумен әлеуметтік осал тұрғындардың санатындағы адамдармен және көпбалалы отбасыларымен кездесу өткізіілді.
Кездесу барысында көп балалы аналар және әлеуметтік осал отбасынан келген қатысушыларына адрестік-әлеуметтік көмегін алу, үй кезегіне тұру және алимент өндіру, мұрагерлікті рәсімдеу, банк шоттарынан тиым салуды алу және тағы басқа көтерген маңызды мәселелер бойынша құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетілді.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі