2025 жылғы 21 сәуірде Ақмола облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары басқармасы Ақмола облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаментінің прокурорымен бірлесіп, «Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік саласында әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелері атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. (тауар таңбасын заңсыз пайдалану, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 158-бабының 1-бөлігі)».
Бұл дөңгелек үстел негізінде контрафактілік өнімдерді алдын алуға, онымен күресуге және тауар белгілерін қорғауға бағытталған зияткерлік меншік негіздерін түсіндірді.
Сондай-ақ, Әділет департаментінің қызметкері Ақмола облысында тауар таңбаларын заңсыз пайдалану фактілері бойынша мысалдар келтірді.
зияткерлік меншік
құқықтары бойынша
бөлім басшысы Сандыбай Қ.Ш.