
Ақмола облысының Әділет департаментінде бұзушылықтардың алдын алуға және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға бағытталған семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шара шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда және рульде алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде пайда болуының алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілік пен қудалауға жол бермеу мәселелері қаралды.
Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкері А.С.Шайкенов, Көкшетау қаласының "Аналар үйі" қоғамдық қорының директоры К.Г. Жұмабекова баяндама жасады.
Соңында Әділет департаменті басшысының орынбасары — Әдеп жөніндегі уәкіл М.О.Едрисов мемлекеттік қызметшілерді бұзушылықтардың алдын алу мен қызметтік мәдениеттің жоғары деңгейін қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан Республикасы Әдеп кодексінің нормаларын қатаң сақтауға шақырды.