ҚОРЛАР КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР РЕТІНДЕ

ҚОРЛАР КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР РЕТІНДЕ

 

Қор азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени-ағартушылық және басқа да әлеуметтік-пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым болып танылады.

Қор коммерциялық емес ұйым болғандықтан оның қызметін реттейтін негізгі заңдардың бірі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңы (бұдан әрі – Заң) болып табылады.

Жоғарыда аталған Заң жеке, корпоративтік, қоғамдық және мемлекеттік қорларды қарастырады.

Бір немесе басқа қордың айырмашылығы құрылтайшылардың құрамына, сондай-ақ қызмет саласына байланысты.

Жеке қарастыратын болсақ, жеке қор деп бір жеке тұлға немесе жеке тұлғалар – бір отбасы мүшелері өз (өз) қаражаты есебінен құрған қор болып табылады. Жеке қор жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған өсиетімен де құрылуы мүмкін.

Жеке қор құрылтайшысының (құрылтайшылардың) құқықтары, егер бұл құрылтай құжаттарында көзделсе, мұраға қосылуы мүмкін.

Қоғамдық қор – бір отбасының мүшелері болып табылмайтын жеке тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер құратын қор.

Корпоративтік қор – бiр заңды тұлғаның немесе бiрнеше заңды тұлғалардың - коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардың осы ұйымдардың қаражаттары есебiнен құрған қоры корпоративтiк қор деп танылады.

Мемлекеттік қор – мемлекеттiк органдардың шешiмiмен құрылған, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы берiлген; қордың мақсаттары мен мiндеттерiн мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асыратын қор мемлекеттiк қор деп танылады.

Бұл ретте қызметтің мақсаттарына қарай әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және басқа да қорлар құрылуы мүмкін.

Егер қызметтің мақсаттарына қарайтын болсақ, онда көп жағдайда қорлар қайырымдылық мақсатта құрылады.

Сондай-ақ, қаражатты мемлекеттік тіркеуді облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттері (бұдан әрі – әділет органдары) жүргізетінін атап өткен жөн.

Қорды мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарының орналасқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалына келесі құжаттар тізбесін ұсыну қажет: өтініш; жарғы; құрылтай шарты (бірнеше құрылтайшылар болса); уәкілетті органның жарғыны бекіту туралы шешімі; атқарушы органын тағайындағаны жөніндегі алқа органының (қамқоршы кеңесін) шешімі; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.

 

 

Ақмола облысының Әділет департаменті

Коммерциялық емес ұйымдарды

тіркеу және тіркеу қызметі

саласындағы бақылау бөлімінің басшысы                            Т.Е. Әубакір