Жылжымайтын мүлік объектілеріндегі қате мәліметтерді түзету

Жылжымайтын мүлік объектілеріндегі қате мәліметтерді түзету

2023 жылдың қазан айынан бастап «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)» жаңа мемлекеттік қызметі әзірленіп, енгізілді. Қызметтің осы түрі бойынша қағидалар ҚР Әділет министрінің 2023 жылғы 16 қазандағы бұйрығымен бекітілген, онда мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен шарттары айқындалған.

Түзетуге мынадай қателер жатады: жылжымайтын мүліктің мекенжайы және кадастрлық нөмірі; объектінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары (ауданы, қабаты, құрамдас бөліктер саны, нысаналы мақсаты, құқық түрі, меншік нысаны, меншік құқығын тіркеу күні); меншік иесінің дұрыс емес деректері( аты-жөні, туған күні, ЖСН); құқық белгілейтін құжаттардағы ақпарат (күні, нөмірі); қате тіркелген жылжымайтын мүлік құқықтары және т. б.

Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация КЕАҚ (ХҚКО) және egov.kz «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі.

Порталда қызмет алу үшін қажет:

 

  1. Еgov.kz кіру;

 

2.«Мемлекеттік органдар бойынша қызметтер» қойындысында «Әділет министрлігін» таңдап, «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің қате мәліметтерін түзету» қызметіне өту;

 

  1. «Онлайн қызметке тапсырыс беру» түймесін басу;

 

  1. Барлық міндетті өрістерді толтыру;

 

  1. Сканерге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін (сатып алу-сату, сыйға тарту, жекешелендіру шарты, мұрагерлік туралы куәлік, сот шешімі және т. б.) бекіту;

 

  1. Өтінімді толтырғаннан кейін электрондық-цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) немесе смс-пароль арқылы қол қою;

 

  1. Жеке кабинетте «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысу;

 

Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күні, қызмет тегін.

Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды тапсыру кезінде:

 

  1. Жоғарыда көрсетілген қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. Жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  3. Жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары.