
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.
Тегін заң көмегінің бір түрі мемлекет кепілдік берген заң көмегі болып табылады «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және бақа да Қазақстан Республикасының актілерімен көзделген негізінде алуға құқылы жеке және заңды тұлғалаларға мемлекеттік органдар, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, заң консультанттары көрсете алады.
Біздің еліміздің заңнамасы үнемі жетілдіріліп, жаңартылып отырады, өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгізілді атап айтқанда, жоғарыда аталған Заңның 26-бабына мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдар тобын кеңейту бөлігіне өзгерістер енгізілді.
Осылайша, бұл тізім толықтырылды және құқықтық кеңес беру түрінде заң көмегін тегін алуға құқығы бар тұлғалардың келесі санаттарын қамтиды:
Ақмола облысының Әділет департаменті халыққа құқықтық көмек көрсетуге, оның ішінде мемлекет кепілдік берген заң көмегі мен кешенді әлеуметтік заң көмегіне қатысты түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізеді.
Мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін алу мәселелері бойынша Ақмола облыстық адвокаттар алқасына 87021181172 телефон нөмірі бойынша, Ақмола облысының заң консультанттары палатасына 87057450257, сондай-ақ Ақмола облысының Әділет департаментіне 8(7162) 40-15-08 хабарласуға болады.
Д. Гаврилов Дмитрий
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
Бас маманы