Су тасқынынан зардап шеккен Ақмола облысының тұрғындарының назарына!

Су тасқынынан зардап шеккен Ақмола облысының тұрғындарының назарына!

Сот актілері бойынша берешегі бар, бүгінгі күні су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болған азаматтарға Заңға сәйкес атқарушылық құжатты орындау тәсілі мен тәртібін өзгертуге, сондай-ақ оның орындалуын кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге құқығы бар екенін мәлімдейміз.

Ол үшін шешім шығарған сотқа тиісті өтінішпен растайтын құжаттармен бірге жүгіну қажет.

Сот келіп түскен арызды, өтінішхатты арыз сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.

Арыздар сот отырысында қаралады және іске қатысатын адамдарға отырыстың уақыты мен орны сотпен хабарландырылады.