«Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» ақпараттық – түсіндіру сипатындағы семинар

«Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» ақпараттық – түсіндіру сипатындағы семинар

         Ақмола облысының Әділет департаменті Ш. Уәлиханов атындығы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттеріне арналған «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» қағидатын санаға енгізе отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру бойынша ақпараттық – түсіндіру сипатындағы семинар өткізді.

         Іс-шараның мақсаты жастардың құқықтық сана деңгейін арттыру, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарын насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы этиканы тәрбиелеу болды.