Құрметті тұрғындар!

Құрметті  тұрғындар!

               2024  жылғы  26  сәуірде  сағат 11-00 -де  Балкашино  ауылы,  Абай  көшесі 103А  мекен-жайында  орналасқан  Сандықтау  ауданы     «AMANAT»   партиясы  филиалының   ғимаратында, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға тегін білікті заң көмегін көрсету мақсатында,  Ақмола  облысы  Әділет  департаменті  басшысының  орынбасары – Әдеп  жөніндегі  уәкілі  Гульмира  Муталлаевна  Сагадиевамен  кездесу  өтеді.

              Іс – шараға  Сандықтау  ауданы  әкімі  аппаратының  өкілдері,  адвокат,  нотариус,  жеке сот  орындаушысы,  заң  консультанты  қатысады.

             Кездесу  соңында  азаматтарды  жеке  қабылдау жүзеге  асырылады.

             Сұрақтарыңыз  бен  ұсыныстарыңызды  d.ibraeva@adilet.gov.kz ,  ba.kulbuldin@adilet.gov.kz  электрондық  поштасына, сондай –ақ Ақмола  облысы Әділет  департаментінің  келесі  телефон  номерларына  жолдауыңызды  сұраймыз: 8 1762 25-00-18, 87015365903, 87772285335.